Бокс

Данияр Елеусіновтың жекпе-жегін қай арна көрсетеді

Данияр Елеусіновтың жекпе-жегін қай арна көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Хабар» телеарнасы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегін көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Арнаның бағдарламалар кестесіндегі мәліметке сүйенсек, трансляция 26 мамырда астана уақытымен 6:05-те басталады.

Елеусінов рингке Оксон Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында шығады. Бұл оның кәсіпқой бокстағы жетінші жекпе-жегі болмақ. Алғашқы алтауында жеңіске жеткен, үшеуі – нокаутпен.

Айта кетейік, мамырдың басында Данияр Елеусінов 8 маусымда Геннадий Головкинмен бір кешке жұдырықтасады деген ақпарат шыққан еді. Алайда кейін Головкин Елеусіновтың өз кешінде шыққанын қаламаған.

Шәріпова: Түсінбейтінім, Головкин жерлестеріне неге бұлай істейді

Елеусінов қолдау білдіргені үшін Шәріповаға алғыс айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер