Әлем футболы

Диего Марадона тұтқындалды

Диего Марадона тұтқындалды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона үлкен көлемдегі қарызына байланысты Буэнос-Айрес әуежайында тұтқындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аргентиналық экс-футболшы отанына Мексикадан келген болатын. Ұшақ қонған соң оны полиция қызметкерлері әуежайда тоқтатып, бірден тұтқындады. 58 жастағы Марадонаның бұрынғы қызы 5 миллион фунт стерлинг төлемегені үшін оны сотқа берген.

Росио Олива мен Марадона алты жыл кездескен болатын. Осы іске қатысты сот отырысы 13 маусымда басталады.

Айта кетейік, Диего Марадона қазір мексикалық «Дорадос» клубын жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер