Әлем футболы

АПЛ: Жылдың үздік голы анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Англия Премьер лигасы 2018/19 жылғы маусымның ең үздік голы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Жылдың үздік голының авторы атанудан өткен маусымның әр айында үздік деп танылған ойыншылар үмітті болған.

Жеңімпаз жанкүйерлер арасында дауыс беру нәтижелерін мен футбол сарапшыларының пікірлерін есепке ала отырып анықталды.

Сонымен, АПЛ-дің осы маусымдағы үздік голының авторы - «Кристал Пэлас» ойыншысы Эндрос Таунсенд. Оның «Манчестер Сити» қақпасына соққан голы үздік деп танылды.

Айта кетейік, жыл үздігі атануға мына ойыншылар үміткер болған: Жан-Микаэль Сери («Фулхэм», тамыз), Дэниэл Старридж («Ливерпуль», қыркүйек), Аарон Рэмси («Арсенал», қазан), Сон Хын Мин («Тоттенхэм», қараша), Андрос Таунсенд («Кристал Пэлас», желтоқсан), Андре Шюррле («Фулхэм», қаңтар), Фабиан Шер («Ньюкасл», ақпан), Антони Кноккарт («Брайтон», наурыз), Эден Азар («Челси», сәуір), Венсан Компани («Манчестер Сити», мамыр).

æ æä¸çæ³¢

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер