Николай Панин: Орталық стадионға келесі айдың ортасында ораламыз

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының делегациясы мен ұлттық құрама бас бапкері Қостанайдағы Орталық стадионға барды. «Тобылдың» директоры Николай Панин Қостанайдағы негізгі стадионға жергілікті клубтың қашан оралатынын мәлім етті.

- Барлығы ауа-райына байланысты. Дәл қазір ауа-райы алаңды қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермей отыр. Әлі біраз уақыт керек. Ұлттық құрама ойындарынан кейін, келер айдың ортасында стадионға ораламыз деп жоспарлап отырмыз. Баса айтқым келеді, бүгінгі таңда бұл алаңда толыққанды матч өткізбек түгілі, жаттығу жұмыстарын де өткізуге қатал тыйым салынады. Себебі, асығамыз деп алаңға айтарлықтай зиян тигізіп алуымыз мүмкін - деді Николай Панин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер