«Кайсар» футболшысынан шектеу алынып тасталды

news-banner7
mobile-news-top

«Қайсардың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян «Тобылға» қарсы кубоктың жартылай финалының алғашқы матчтына қатысады. Бұл ақпаратпен клубтың ресми сайты бөлісіп отыр.

- Жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналған Тигран Барсегян кубоктық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Тәртіптік кеңестің шешімімен Тигран «Тобылға» және алдағы кубоктық ойындарға қатыса алады. Егерде Барсегянның тарапынан тағы да қателік кететін болса, тәртіптік кеңес қатаң шара көрілетінін ескертті. Сондықтан бүгін Барсегянды алаңнан 1 минуттан бастап көріп қалуымыз ғажап емес! - деп жазды «Қайсар» ФК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Тигран Барсегян кубоктың 1/8 финалындағы «Академия Оңтүстік» командасына қарсы матчта төрешіге дөрекі сөйлегені үшін алаңнан қуылған еді. Кейін Тәртіпті бақылау комитеті футболшыны кубоктық ойындардан төрт матчқа шеттетуге шешім қабылдаған еді. Бүгін комитет шешімін қайта қарап, армян футболшысынан шектеуді алып тастады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер