Басқа

Ильфат Абдуллин садақ атудан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққa енді

news-banner7
mobile-news-top

Түркияның Анталия қаласында садақ атудан әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Іріктеу сындарының қорытындысы бойынша қазақстандық Ильфат Абдуллин үздік ондық қатарынан орын алды.

Классикалық садақ атудан Ильфат 679 ұпай жинап, сегізінші орыннан көрінді. Енді Абдуллин негізгі жарысты үшінші кезеңнен бастайды.

Денис Ганькин 28, Санжар Мұсаев 64, Сұлтан Дүзелбаев 85-ші орында.

Әйелдер арасында Қаракөз Асқарова 78-ші орында қалды. Алина Ілиясова 79-шы, Гаухар Игібаева 98-ші сатыда.

Блоктық садақ атудан Жомарт Бектұрсын 73-ші, Виктория Лян 50-ші нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер