Бокс

АIBA өкілдері бокстың Олимпиада бағдарламасында қалатынына сенімді

news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) президенті қызметін уақытша атқарушы Мохамед Мустахан Лозаннада ХОК өкілдерімен кездесу өткізді. Ол бокстың Олимпиада бағдарламасында қалатынына сенім білдірді.

«Бүгін біз ХОК тергеу комитетімен жақсы кездесу өткіздік. Біз өз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Енді болашаққа сеніммен қарап, бокс Олимпиадаға бағдарламасында қалады деген үміттеміз», - дейді Мустахан.

Айта кетейік, 2018 жылдың қарашасында ХОК АІВА-дағы басқару, қаржылық бөлім және төрешілікке қатысты алаңдаушылық білдіріп, тексеру комитетін құруға бастама білдірді. Ненад Лалович басқаратын комитет аталған іске байланысты нақты әрі соңғы баяндаманы 22 мамыр күні Атқарушы кеңес отырысында баяндайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер