Бокс

Деонтей Уайлдер бұрынғы қарсыласымен қайта кездеседі

news-banner7
mobile-news-top

Ð£Ð°Ð¹Ð»Ð´ÐµÑ Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð¿ÑовеÑÑи вÑоÑой бой Ñ ÐÑÑиÑом

WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Деонтей Уайлдердің келесі жекпе-жегі кубалық Луис Ортиске қарсы өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Америкалықтың командасы үш боксшыны — Энтони Джошуа, Тайсона Фьюри және Луис Ортисті қарастырып жатыр.

Сонымен қатар Уайлдердің менеджерлері келер аптада келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Джошуа немесе Фьюримен келісімге келу ұзақ уақытты қажет ететінін ескерсек, келесі қарсылас Ортис болуы мүмкін.

Қос боксшы бұған дейін де кездескен. 2018 жылдың наурызында Уайлдер нокаутпен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, өткен демалыс күні Уайлдер өз отандасы Доминик Бризилді нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер