Хоккей

2020 жылғы әлем чемпионатына қатысушы командалар толық анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден 2020 жылы элиталы дивизионда өтетін әлем чемпионатына қатысушы командалар толығымен анықталды.

Бүгінде Словакияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында элиталы топқа түскен соңғы командалар анықталды. Келесі жылғы әлемдік сынды қабылдаушы мемлекет Швейцария турнирге автоматты түрде қатысады.

Қазақстан құрамасы өз жерімізде өткен бірінші дивизион, А тобындағы әлем чемпионатында элиталы дивизионға жолдама алды.

2019 жылғы әлем чемпионатындағы бірінші раунд қорытындысы бойынша Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Ресей, АҚШ, Финляндия, Чехия және Швеция келесі жылғы додаға қатысу мүмкіндігін

2020 жылғы әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер