Әли Балоев: Головкин Роллсты «жыртып» тастайды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Балоев Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Головкин - Роллс жекпе-жегінің жеңімпазын атады.
- Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жекке болжамыңыз?
- Геннадий оны «жыртып» тастайды. Роллста мүлдем мүмкіндік жоқ. Алғашқы раундтарда нокаут бола ма, білмеймін. Бірақ Головкин оны соққының астына алады.
- Ал Канело мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекті көрдіңіз бе?
- Иә. Канело жоғары деңгейлі боксшы екенін дәлелдеп, әділ жеңді. Жекпе-жек мықты өтті. Альваресті әлемнің үздік боксшысы деп бекер айтпайды. Геннадий Головкиннен кейін, әрине.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешінінде өтеді.