Бокс

Әли Балоев: Головкин Роллсты «жыртып» тастайды

Әли Балоев: Головкин Роллсты «жыртып» тастайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Балоев Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Головкин - Роллс жекпе-жегінің жеңімпазын атады.

- Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жекке болжамыңыз?

- Геннадий оны «жыртып» тастайды. Роллста мүлдем мүмкіндік жоқ. Алғашқы раундтарда нокаут бола ма, білмеймін. Бірақ Головкин оны соққының астына алады.

- Ал Канело мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекті көрдіңіз бе?

- Иә. Канело жоғары деңгейлі боксшы екенін дәлелдеп, әділ жеңді. Жекпе-жек мықты өтті. Альваресті әлемнің үздік боксшысы деп бекер айтпайды. Геннадий Головкиннен кейін, әрине.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жек 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешінінде өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер