Хоккей

Хоккейден ӘЧ: Ширек финалға шыққандар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Словакияның Братислава мен Кошице қалаларында шайбалы хоккейден өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф додасына жолдама алған командалар толықтай белгілі болды.

Бұл жарыста әлемнің ең үздік 16 командасы екі топқа бөлініп, 10 күннен аса уақыт бойы өзара күш сынасты. Кошицеде ойнаған «А» тобындағы командалар арасында Финляндия (16 ұпай) топ жарса, одан кейінгі орындарға Канада (15 ұпай), АҚШ (14 ұпай) және Германия (12 ұпай) жайғасты.

«В» тобындағы кездесулер Братиславада өтті. Бұл тарыста өз мүмкіндігін 100 пайызға пайдаланған Ресей (18 ұпай) жеке-дара көш бастады. Екінші және төртінші орын аралығында Швеция (15 ұпай) Чехия (15 ұпай) және Швейцария (12 ұпай).

Бүгін тағы бір тур ойындары өтеді. Десек те соның нәтижелеріне қарамастан жоғарыда аталған сегіз команда алға қойған жоспарларын алдын-ала жүзеге асырып, ширек финалда күш сынасу құрметіне ие болып отыр. Айтулы дода 26 мамырда өз мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер