Бокс

Леффлер Головкин мен «Канело» келіссөздері туралы айтты

Леффлер Головкин мен «Канело» келіссөздері туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альвареспен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Геннадий DAZN-мен келісімшартқа отырған. Өйткені бұл «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізудің ең қолайлы жолы. Титулдар аса маңызды деп ойламаймын, Головкин де, «Канело» да дәл қазір кез келген белбеуден жоғары. «Канело» Madison Square Garden аренасында желтоқсанда жекпе-жек өткізді. Головкин де осында жекпе-жектерін өткізеді. Меніңше, үшінші жекпе-жек экономикалық жағынан тиімді. Оның өтетін жері келіссөздердің маңызды бөлігі болады. Өйткені енді Головкин Лас-Вегаста жұдырықтасуға міндетті емес», - дейді Леффлер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер