Бокс

Жаңқош Тұраров: Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым

Жаңқош Тұраров: Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым
news-banner7
mobile-news-top

Бір жарым жыл бойы шаршы алаңға шықпаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров алдағы екі айдың ішінде Англия мен Қазақстанда өтетін жекпе-жектеріне қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

«Бір жарым жыл уақыт боксқа шықпадым. Десе де, жаттығуды үзген жоқпын. Өз бабымдамын. Бокс маған жат емес. Өмірімді осы спортқа арнадым десем де болады. 13 жастан спортты бастағанмын. Бір жарым жыл деген маған ештеңе емес. Алла қаласа, әлемдік белдіктерді аламыз деген ойымыз бар. 6 шілдедегі елордадағы жекпе-жекке дейін Англияда рейтингтік кездесу өткіземін. Дайындық өте тамаша. Бәріне дайынбыз», - деді Жаңқош Тұраров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Боксшы өз сөзінде боксқа келгеннен бастап әлем чемпионы болу мақсатынан қайтпағанын атап өтті.

«Сәтін салса, МТК Қазақстан менеджерлік компаниясымен жақын уақытта келісімге келдік. Мен үшін өте үлкен қуанышты жаңалық. Әлем чемпионы болуға тағы бір қадам жақындадым», - деді Жаңқош Тұраров.

Еске сала кетсек, елордада 6 шілдеде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол күні Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Али Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар өнер көрсетпек.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер