Әлем футболы

Әлемнің ең қымбат футболшысы командасын ауыстырады

Әлемнің ең қымбат футболшысы командасын ауыстырады
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция футболшылар кәсіподағының (UNPF) марапаттау салтанатында командасын ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

20 жасар футболшы Франция чемпионатының үздік ойыншысы және үздік жас футболшы номинацияларында жеңіске жетті.

- Әрине, маусым барысындағы кейбір нәтижелерге көңіліміз толмайды. Бірақ бұл футболдыңі бір бөлігі.

Бұл жерде өзіме көп жаңалық аштым. Өзіме көп жауапкершілік алатын уақыт келгенін сеземін. ПСЖ-да не басқа командада білмеймін, - деп келтіреді Мбаппенің сөзін Goal.com сайты.

Айта кетейік, бұған дейін Килиан Мбаппеге мадридтік «Реал» қызығушылық танытқан болатын. Қазіргі таңда француз футболшысы әлемнің ең қымбат футболшысы. Оның нарықтағы құны - 215 миллион еуроны құрайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер