ММА

UFC-дің бұрынғы спортшысының бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағат ота жасатты

UFC-дің бұрынғы спортшысының бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағат ота жасатты
news-banner7
mobile-news-top

Сингапур елінде өткен One Championship турнирінде UFC-дің бұрынғы спортшысы ауыр жарақат алып, ота жасатты.

23 жастағы Сейдж Норткатт 2015 жылдан бері UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жетсе, екеуінде ұтылған. Ал One Championship ұйымындағы алғашқы жекпе-жегінде америкалық спортшы бразилиялық Космо Александремен кездесіп, 29 секундта нокаутқа түсіп қалды.

Кейін белгілі болғандай, жекпе-жектен соң дереу ауруханаға жеткізілген Сейдж Норткаттың бет сүйегі 8 жерден сынып, 9 сағаттық ота жасатқан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер