Дзюдо

Дзюдошылар Орынбордан қос жүлдемен оралды

news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогының кезеңдік сайысы аяқталды. Айтулы жарыста жерлестеріміз қос жүлдеге ие болды.

66 келі салмақта белдескен Ғұмар Қырғызбаев бастапқы үш бәсекеде жеңіске жетіп, жартылай финалда ресейлік Мұрат Шопановқа есе жіберді. Үшінші орын үшін тартыста қандасымыз әзірбайжандық Нұрлан Османовтың осал тұсын оңай тапты. 73 келі салмақтағы Аңсарбек Ғайнуллинге жеңіс тұғырына көтерілу үшін алты кездесу өткізуге тура келді. Қазақ дзюдошысы тек ресейлік Самвел Бабиняннан ғана ұтылды. Қалғандарының барлығын ол қапы қалдырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер