Бокс

Головкин не істеу керек екенін біледі - Абель Санчес

Головкин не істеу керек екенін біледі - Абель Санчес
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық танымал бапкер Абель Санчес TheRing Digital-ға берген сұхбатында өзінің бұрынғы шәкірті, қазақстандық Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушысы жайлы пікірін айтты.

Сәуірдің аяғында Головкин Санчеспен жұмысын тоқтатқанын хабарлаған. Ал мамырдың басында арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, GGG жаңа бапкері Джонатан Бэнксті таныстырды.

"Оны маңызды күн күтіп тұр. Позитивті ештеңе айтуымның қажеті жоқ. Ол не істеу керек екенін біледі. Мұнда тоғыз жыл өткізді. Осы уақыт ішінде бізден бір нәрсе үйренді деп ойлаймын. Бәрі қолынан келуі тиіс", - деді Абель Санчес.

Головкин Бэнкстің қол астында алғашқы жекпе-жегін 8 маусымда Стив Роллсқа қарсы өткізеді.

Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер