Теннис

Путинцева Нюрнберг турнирін жақсы бастады

Путинцева Нюрнберг турнирін жақсы бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева Нюрнберг (Германия) турнирінің алғашқы айналымында словениялық Далила Якуповичпен кездесті.

Қазақстандық спортшы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелсе, қарсыласы дүниежүзілік рейтингіде 107-сатыда еді. Бірінші партияда брейк жасаған Путинцева 2:0 есебімен алға шыққанымен, словениялық теннисші таразы басын теңестірді. Дегенмен бұдан кейін Юлия тағы екі брейк жасай білді - 6:2. Екінші сет те дәл солай басталды - 2:0. Есеп 3:0 болғаннан кейін Якупович жарысты жалғастырудан бас тартты. Матч бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Путинцева екінші айналымда Мона Бартель немесе Паула Ормаэчеаның қай жеңгенімен кортқа шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер