Теннис

Воскобоева Страсбург турнирінің ширек финалына шықты

Воскобоева Страсбург турнирінің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева украиналық Даяна Ястремскаямен бірге жұптық сында Страсбург (Франция) WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық-украиналық жұп алғашқы матчында Польша елінің өкілі Алисия Росольска мен қытайлық Чжаосюань Янмен шеберлік байқасты. Тәжірибелі, 35 жасар Воскобоева мен 2000 жылғы Ястремская осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелген жұпты 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Воскобоева мен Ястремская жартылай финалға шығу үшін Татьяна Мария/Полин Пармантье немесе Мию Като/Сторм Сандерс жұбының қай жеңгенімен тартысады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер