Бокс

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» арнасы көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) жекпе-жегін қай телеарна көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Олимпиада чемпионы 25 мамыр күні Усик - Такама жекпе-жегінің андеркартында шаршы алаңға шығады. Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

27-жастағы мексикалық Мигель Самудио (43-12-1, 27 КО) Данияр Елеусіновпен жұдырықтасады деген ақпарат бар. Алайда әзірге отандысымызды қарсыласы кім болатыны ресми жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов 8 маусымда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) андеркартында шаршы алаңға шығу қажет болатын. Алайда артынша қос тарап келісе алмаған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер