Жеңіл атлетика

Мария Овчинникова халықаралық турнирде топ жарды

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турниріне қатысуда. Біздің құрамадан Мария Овчинникова көзге түсті.

Овчинникова үш қарғып секіруден жеңімпаз атанды. Ол 13.19 метрге секіріп, 2019 жылғы Азия чемпионы, тайландтық Паринью Чуаймароенгті артта қалдырды.

Айта кетелік, Қазақстан сапынан Иван Иванов (ядро лақтыру), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) және Полина Иванова (сырықпен секіру) жарыс жолына шығады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер