Әлем футболы

ЧЛ: «БИІК-Қазығұртты» жеңген «Барселона» финалда сүрінді

ЧЛ: «БИІК-Қазығұртты» жеңген «Барселона» финалда сүрінді
news-banner7
mobile-news-top

Будапештте әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасының ақтық сыны өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Финалда франциялық «Лион» мен испаниялық «Барселона» кездесті.

Кездесу осы турнирдің алыбына айналған «Лионның» айқын басымдылығымен өтті. Бірінші таймның өзінде төрт гол соғып тастаған франциялық қыздар екінші таймда сәл тізгін тартты. Соның арқасында испаиялықтар бір гол соқты. Қорытынды есеп - 4:1.

Бір қызығы, өткен жылғы чемпиондар лигасының финалы да осындай есеппен аяқталған. «Лион» германиялық «Вольфсбургті» осындай есеппен жеңген еді. Бірақ ол кезде бес голдың барлығы овертаймда соғылды.

Айта кетейік, франциялық команда чемпиондар лигасының төртінші жыл қатарынан жеңіп алып отыр. Ал жалпы

Чемпиондар лигасы. Финал

«Лион» (Франция) — «Барселона» (Испания) 4:1 (4:0)

Гол соққандар: Марожан 5 (1:0), Хегерберг 14 (2:0), Хегерберг 19 (3:0), Хегерберг 30 (4:0), Ошоала 89 (4:1).

Естеріңізде болса, қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында бүгінгі күміс жүлдегер «Барселона» командасынан ұтылып, жарыстан шығып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер