«Тобыл» «Атырау» қақпасына үш гол соқты

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 11-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алаң иелері «мұнайшылар» қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Бірінші таймның аяғында Максим Федин есеп ашты. Ал үзілістен кейін Артурас Жулпа алаң иелерінің басымдығын ұлғайтты. Ал матч соңына қарай Руслан Валиулин «Атырау» қақпасына үшінші голды соқты.

Осылайша, «Тобыл» 23 ұпай еншілеп, үшінші орында келе жатыр. Ал 9 ұпайы бар «Атырау» 11-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер