«Жетісу» мен «Ақтөбе» тең тарқасты

news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында Талдықорғанда «Жетісу» мен «Ақтөбе» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екі команданың турнир кестесіндегі жағдайлары екі түрлі. Талдықорғандықтар жоғары жақта келе жатса, проблемаларынан құтыла алмай жатқан «Ақтөбе» соңғы орында тұр.

Елжас Алтынбеков командалар үзіліске кетер алдында «Жетісуды» алға шығарған. Ал екінші таймда «Ақтөбенің» кезекті шабуылы кезінде Абат Айымбетов ұрымтал тұстан табылып, есепті теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 1:1.

Осы ойыннан кейін «Жетісудың» еншісінде 18 ұпай бар. Ал «Ақтөбе» маусымдағы жетінші ұпайын алды. Командада қазір -5 ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер