Бокс

Головкин мен Альварес реваншы нокаутпен аяқталады - Болжам

Головкин мен Альварес реваншы нокаутпен аяқталады - Болжам
news-banner7
mobile-news-top

IBFP International Boxing Fans Podcast Youtube-арнасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтеді деп болжанып отырған үшінші жекпе-жекке түсініктеме берді, деп жазды Sputniknews.kz.

«Үшінші жекпе-жек қызықты болады, бірақ Головкин үшін жеңіске жетудің жалғыз мүмкіндігі – тәуекелге барып, нокаутқа ұмтылу. Сонда ол мүмкіндік алады. Бірақ оның күші «Канелоны» есеңгіретіп қоятынына сенбеймін. Головкиннің де, Джейкобстың да «Канелоға» қарағанда сүйегі ірілеу, бірақ олар кері шегінуге мәжбүр болды. «Канело» қазір нағыз бабында, ол қорғанысын жақсартып, келесі деңгейге көшуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, GGG нокаут үшін ашық шайқасқа баратын болса, қарымта шабуылға ұшырайды. Бұл қанды жекпе-жек болады, бірақ «Канело» Головкинді нокаутқа түсіреді деп есептеймін", - дейді арнаның авторы.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталған еді. Ал екінші жекпе-жекте «Канело» ұпай санымен жеңіске жетті: екі төреші 115-113, ал біреуі 114-114 деген ұпай берді. Бұл кездесу 2018 жылдың 15 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-де өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер