Басқа

Алматыда өтетін «Халық барысына» кәсіпқойлар да қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Мамырдың 25-і мен 26-сы күндері Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде «Халық барысы» өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белдесуден осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған республикалық турнирге биыл біршама өзгерістер енгізіліп отыр. Бұл жөнінде жарысты ұйымдастырушылар журналистермен болған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қатысушылардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 2-3 есеге көп болады, дейді мамандар. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам үміткер тіркеліпті. Сондай-ақ, биыл жеңімпаз және жүлдегер спортшылардың бапкерлері де ақшалай сыйақы алады. Көрермендерді көптеп тарту мақсатында жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылатынын да айта кетейік. Ол үшін «Халық барысының» билеттерін сатып алу керек. Тағы бір ерекшелігі биыл «Халық барысына» «Қазақстан барысының» жеңімпаздары мен жүлдегерлері де қатыса алады.

– «Қазақстан барысы» республикалық турнирі қазақ күресінен өтеді. Ал «Халық барысы» республикалық турнирі белдесу күресінен. Екеуінің айырмашылығы әжептәуір деңгейде. Сол себептен ешкімнен жасқанбаңыздар деп айта аламын. Барша спортшыларға, барша спорт түрлеріне ыңғайлы күрес түрі, - деп хабарлайды жарысты ұйымдастырушы Бақдәулет Сәбитов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер