Басқа

Қайрат Сарымсақов — қола жүлдегер

Қайрат Сарымсақов  — қола жүлдегер
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық Манчестер қаласында таеквондодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Қайрат Сарымсақов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші кезеңде Қайрат косоволық спортшыны 14:5 есебімен, кейін жапониялық қарсыласын 5:3 есебімен жеңді. Үшінші кездесуінде португалиялықты 10:7 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда Сарымсақов аустралиялық таеквондошыны 12:7 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

1/2 финалда қазақстандық спортшы иорданиялық, Рио Олимпиадасының чемпионы Ахмад Абугауштан 3:7 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Қайрат Сарымсақов Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер