Бокс

Видео. Головкин кезекті жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр

Видео. Головкин кезекті жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-дағы дебюттік жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұрынғы әлем чемпионы өзінің Instagram-парақшасында жаңа бапкері Джонатан Бэнкстың жетекшілігімен өткен жаттығу барысынан видеоны жүктеді.

«Жұмыс жасауды жалғастырамыз», — деді Головкин.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер