Бадминтоннан ұлттық құрама Қытайдағы халықаралық турнирге қатысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз19 мамыр күні Қытайдың Наньин қаласында бадминтоннан «TOTAL BWF SUDIRMAN CUP 2019» турнирі басталады.
Жарысқа отандық спортшылар да қатысады. Олар: Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Оксана Стелла, Камила Смағұлова, Хайтмұрат Құлматов и Айша Жұмабек. Бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Асқар Орманов бұл жайлы ресми хабарлады.
Топта Қазақстанның қарсыластары Макао және Гренландия елдерінің спортшылары болмақ.