Швед қақпашысы «Барыстан» бас тартты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызШвецияның мықты қақпашыларының бірі Адам Рейдборн «Барысты» емес, қазандық «Ак Барсты» таңдады.
Ресейдің «БИЗНЕС Online» порталы қақпашы таңдауының себебін анықтап көріпті:
- «Ак Барс» Эмиль Гариповпен бәсекелес болуға лайықты қақпашыны тапты. Жақында швед Адам Рейдборнмен келісімшартқа отырады. Деректерге сүйенсек, бұл хоккейшіні өз қатарында «Барыс» та көргісі келген екен. Тіпті, олар 5 млн рубль артық төлеуге де дайын болған екен. Бірақ, Адам «Ак Барсты» таңдады.