Футбол

«Астананың» қарсыласы болуы мүмкін командалар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Чемпиондар Лигасы жаңа маусымындағы алғашқы қарсыласын 18 маусымда білетін болады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің алғашқы жеребесі 18 маусымда тартылады. Бұл турнириге еліміз атынан биыл да «Астана» футбол клубы қатысады.

Дәл қазіргі сәтте көптеген елдің ішкі чемпионаттары мәресіне жетіп, еурокубоктарда бақ сынайтын командалар анықталуда. Сол қатарда іріктеу кезеңінің алғашқы турында «Астанаға» қарсылас атануы мүмкін бірқатар клуб белгілі болды.

— «Валлетта» (Мальта);

— ЧФР «Клуж» (Румыния);

— «Ференцварош» (Венгрия);

— «Нымме Калью» (Эстония);

— «Партизани» (Албания);

— «Валюр» (Исландия);

— «Линфилд» (Солтүстік Ирландия);

— ХБ «Торсхавн» (Фарер аралдары);

— «Рига» (Латвия);

— «Сабуртало» (Грузия).

Бұл қатарға алдағы уақытта тағы бірнеше чемпионаттан командалар қосылады.

18 маусым: Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің 1 және 2 турларының жеребесі.

Бірінші тур, бірінші матч 9-10 шілде, қарымта матч 16-17 шілде.
Екінші тур, бірінші матч - 23-24 шілде, қарымта матч 30-31 шілде.

22 шілде: Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің 3 турының жеребесі.

Бірінші матч 6-7 тамыз, қарымта матч - 13-14 тамыз.

5 тамыз: Плей-офф кезеңінің жеребесі.

Бірінші матч 20-21 тамыз, кері матч 27-28 тамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер