русский язык
Бокс

Тағы бір боксшы Головкиннің бұрынғы бапкерінен бет бұрды

news-banner7
mobile-news-top

Тағы бір кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Абель Санчестің жаттығу лагерінен кетті деп хабарлайды Prosports.kz.

Санчестен бұл жолы бет бұрған боксшы жартылай орта салмақта бақ сынайтын америкалық Алекс Сеудо. Ол өткен жылы қараша айында бірінші рет жеңіліске ұшырап, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ата алмаған болатын.

Естеріңізде болса, осыған дейін Голокин өзін тоғыз жыл жаттықтырған бапкері Абель Санчеспен қоштасып, Джонатан Бэнкс есімді жаттықтырушымен келісімге келген еді. Ол сонымен қатар Абель Санчестің жаттығу залынан да кетіп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;