«Ақтөбеден» трансферлік банды алып тастау мүмкін емес

«Ақтөбеден» трансферлік банды алып тастау мүмкін емес
news-banner7
mobile-news-top

«SILA Internationals Lawyers» компаниясының заңгері Михаил Прокопец «Ақтөбеден» футбол клубына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Прокопецтің айтуынша, батыстық клубқа екі трансферлік кезеңге «бан» салынған. Бірақ ФИФА-ның бұл шешімін өзгертуге болмайды екен, себебі шешімге қарсы шағым білдіру үшін тек 21 күн уақыт беріледі.

«Ақтөбеден» қазіргі уақытта барлық легионерлерімен есептесіп, қарыздарынан құтылып қойды, дегенмен, бұл да аталған шешімге әсер ете алмайды екен. Қайта шағымдану уақыты өтіп кеткен, - дейді заңгер.

Михаил Прокопецтің мәлім етуі бойынша, бұл жағдайда клубтың қазіргі басшыларының кінәсі жоқ. Қазіргі басшылық алдыңғы басшылардың қателіктерін түзетіп, ахуалды ретке келтіріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер