Әлем футболы

Антуан Гризманның «Барселонадағы» жалақысы қандай болмақ?

Антуан Гризманның «Барселонадағы» жалақысы қандай болмақ?
news-banner7
mobile-news-top

14 мамыр күні «Атлетико» шабуылшы Антуан Гризманның командадан кететінін мәлімдеген болатын.

«Атлетико» сапында келесі маусымда өнер көрсетпейтінін Антуан Гризманн бапкерлер мен алаңдағы әріптестеріне өзі хабарлаған екен.

Испаниялық басылымдардың мәлімдеуінше, «Барселона» Антуан Гризманнға жылдық табысы 17 миллион евроны құрайтын келісімшартты ұсынған. Қос тарап әзірге бір шешімге келген жоқ. Каталондық клубы француз футболшысы үшін 120 миллион евро төлеуге әзір.

«Атлетико» қатарында француз футболшысы 2014 жылдан бері ойнап келеді. Клубпен арадағы келісімшарт уақыты 2023 жылдың жазына дейін. Алайда, кез келген команда Гризманның келісімі арқылы осы жылдың 1-ші шілдесінен кейін 120 миллион еуроға сатып ала алады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер