Әлем футболы

Курбан Бердыев «Рубиннен» кетеді

Курбан Бердыев «Рубиннен» кетеді
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Рубин» клубының бас бапкері Курбан Бердыев 2018/19 жылғы маусым аяқталысымен қызметінен кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ресей Премьер-лигасының 30-туры аясында өтетін «Краснодарға» қарсы матч Курбан Бердыев үшін соңғысы болмақ. Қазір 28 тур нәтижесі бойынша «Рубин» 35 ұпаймен 10-шы орынға жайғасқан.

66 жастағы маман «Рубинді» 2001-2013 жылдары аралығында жаттықтырды. Сосын 4 жылдық үзілістен соң қазандық ұжымға қайта оралды.

Курбан Бердыев қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өйткені ол өткен ғасырдың 80-ші жылдары алматылық «Қайратта» доп тепкен. Ал 90-шы жылдары жаттықтырушы мансабын дәл осы командада бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер