Бокс

Головкин Санчеспен кездесуі жайлы: Қорқынышты ештеңе болмайды

Головкин Санчеспен кездесуі жайлы: Қорқынышты ештеңе болмайды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ring TV-ге берген сұхбатында жаңа бапкері Джонатон Бэнкспен алғашқы жұмыс аптасынан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ Big Bear City-да қалып, жаттығу орнын ауыстырмау себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.

GGG бұрынғы бапкері Абель Санчеспен келісімшартты үзгеннен кейін аты аңызға айналған Шейн Мозлидің лагеріне көшіп, Бэнкстің басшылығымен 8 маусымда Стив Ролсспен өтетін айқасқа дайындалуда.

«Мен өзімді жайлы сезінемін. Дайындықты толықтай өзгертетін уақытымыз болған жоқ. Big Bear-ды жақсы білемін, сондықтан осында өзімді жайлы сезінемін. Мен Санта-Моникада жаттықпаймын. Неліктен Big Bear? Мұнда мен толықтай дайындыққа кірісіп, өзімді жаттығу процесіне толығымен арнай аламын.

- Бұрынғы бапкерің жақын жерде жүргенін және онымен кездесіп қалуың мүмкін екенін біле тұра өзіңді қалай сезінесіз?

- Мен ол туралы мүлдем ойламаймын. Бұл мәселе мені толғандырмайды. Егер кездесіп жатсақ, қорқынышты ештеңе болмайды. Менің тарапымнан ештеңе болмайтынын нақты білемін.

- Джонатон Бэнкспен жаттығулар қалай өтіп жатыр?

- Қызықты. Ол көп нәрсеге басқаша қарайтын адам. Оны бақылаған қызықты. Бұл өз жемісін береді деп ойлаймын. Өзім үшін жаңа дүниелер алатыныма үміттенемін.

Өзімді студент секілді сезінгім келетінін айттым. Көп нәрсе үйренгім келеді. Себебі бокс саласының шегі жоқ және ол түрліше болғандықтан, үнемі өзіңді жетілдіріп отыруың керек. Мен өзімді бокстағы студент ретінде сезінгім келді. Джонатон бокстағы кейбір сәттерге басқаша қарайтыны қуантады.

- Үйреніп үлгерген жаңа, қызықты дүниелер бар ма? Құпияңмен бөліссең.

- Қазір үйреніп жатқандарымды 8 маусымдағы айқаста көрсете аламыз деп ойлаймын. Барлығы ойдағыдай өтіп, келесі жекпе-жекте көрсететін боламыз деп үміттенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер