Бокс

Головкин: Мен әлі «ашпын», боксқа тоймадым

Головкин: Мен әлі «ашпын», боксқа тоймадым
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзін 37 жастағы адамдай емес, жас жігіттей сезінетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Жасың 37-де, бірақ өзіңді 26 жастағыдай сезінетініңді айтқан едің. Бұрынғыдай жүгіре аласың ба?

- Жақсы жүгіремін, өзімді жақсы сезінемін. Өзімді неге жас адамдай сезінемін дедім - себебі мен әлі «ашпын», боксқа тоймадым. Маған әлі күнге бәрі қызық және өзімді жас жігіттей сезінемін, - деді Головкин Ring TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер