Теннис

Мария Шарапова «Ролан Гарросқа» қатыспайды

news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Мария Шарапова Франция ашық чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Негізгі кезеңде оның орнына люксембургтік Мэнди Минелла қатысады. Бұл туралы We love Tennis мәлім етті.

Айта кетейік, Шарапова иығын әлі емдеп жатыр. Ол ақпанда Сан-Петерборда өткен турнирде жарақаттанған болатын.

Ал «Ролан Гаррос» биыл 26 мамыр мен 9 маусым арасында Парижде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер