русский язык
Бокс

Головкин Чавеспен кездесуі мүмкін

Головкин Чавеспен кездесуі мүмкін

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBC чемпионы мексикандық боксшы Хулио Сезару Чавеске WBA бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек ұйымдастыру ұсынылды.

Кездесу 12-ші шілде күні Лос-Анджелесте өтуі мүмкін. Головкинге бұл кездесу үшін салмақ қосу керек, себебі Чавес 76 келіде жұдырықтасады.

«Сенбіде Чавеспен әңгімелестім және оған Головкинмен кездесуді ұсындым. Чавес-Головкин жекпе-жегі 12-ші шілде күні Лос-Анджелесте өтуі ықтимал», — деді мексикандық боксшының промоутері Арум BoxingScene сайтына.

Головкинмен келісімге келе алмаса, Чавес канадалық боксшы Жан Паскальмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;