Бокс

Головкин Шейн Мозлидің залында жаттығып жүр

Головкин Шейн Мозлидің залында жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, деп жазады Prosports.kz.

Естеріңізде болса, осыған дейін отандасымыз өзін тоғыз жыл жаттықтырған бапкері Абель Санчеспен қоштасып, Джонатан Бэнкс есімді жаттықтырушымен келісімге келген еді. Ол сонымен қатар Абель Санчестің жаттығу залынан да кетіп қалған болатын.

Головкин жаттығатын жаңа залдың орналасқан жері қазірше белгісіз. Бірақ ESPN журналисті, әрі YouTube желісіндегі Under the Hand Wraps арнасының қосалқы авторы Стив Ким жаңа залы тауып, Геннадиймен кездесті және кезекті жаттығу сәтінде боксшыдан сұқбат алды.

Сонымен қатар GGG жаттығатын жаңа залмен танысты. Қазақстандық боксшы үш салмақ категориясында бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің жаттығу залында орналасқан екен.

Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер