Бокс

LA Times: «Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкин кезекке тұруы тиіс

LA Times: «Канеломен» жұдырықтасу үшін Головкин кезекке тұруы тиіс
news-banner7
mobile-news-top

Los Angels Times өзінің ресми порталында Головкин - Альварес арасындағы өтуі мүмкін келесі кездесу жайлы пікір білдірді.

- Джейкобсты сенімді түрде жеңгеннен кейінгі Сауль Альварестың позициясы нық. Келесі келіссөздер барысында ол өз үстемдігін жүргізе алады. Себебі, ол чемпион. Бәрі оның ыңғайына жығылады.

Головкиннің «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жекті қалайтыны түсінікті. Қыркүйек айында жеңілгеннен кейін айтарлықтай қаржылық соққы алды. Жақындағы DAZN-мен арадағы келісімшарттық құны Альварестың келісімшартының бағасымен салыстыруға келмейді. Үш есе аз.

Енді Головкинге «Канеломен» жұдырықтасу үшін кезекке тұруға тура келеді. 8 маусымдағы Madison Square Garden шаршы алаңында өтетін текетірестің тағдыры ештеңе шешпейді - деп жазды басылым.

Айта кетейік, 8 маусым күні Геннадий Головкин Стив Роллспен кездесу өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер