Басқа

Көркем гимнастикадан Қазақстан Спартакиадасы аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

14 мамыр күні елордада көркем гимнастикадан Қазақстан Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жекелеген көпсайыста ұлттық құрама мүшесі Адиля Тілекенова чемпион атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша Тілекенова 72.450 ұпай жинады. Күміс медальді Нұр-Сұлтан өкілі Айдана Шакенова (71.000 ұпай), қола жүлдені жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы, шымкенттік Роза Абитова (69.500 ұпай) иеленді.

Айта кету керек, команда үздігі Алина Әділханова жарақатына байланысты жарысқа қатысқан жоқ.

Командалық сында (жекелеген бағдарлама) Нұр-Сұлтан спортшылары 371,150 ұпаймен топ жарды. Екінші орында Шымкент, үшінші орында Алматы қаласының командасы орналасқан.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер