Айбол Әбікен «Ертіске» қарсы матчқа қатыса алмайды

news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Премьер лиганың 11-ші туры аясында өтетін «Ертіске» қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Атырауға» (1:2) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл оның осы маусымда төртінші мәрте сары қағазбен жазалануы болатын.

22 жастағы футболшы биыл «Қайрат» сапында 8 ойынға қатысып, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер