Басқа

Су добынан ұлттық құрамамыз жаттығу жиынын бастады

Су добынан ұлттық құрамамыз жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Су добынан Қазақстан ерлер командасы Тбилисиде жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шетелдегі жаттығу жиыны 9 мамыр күні басталды. Спортшылар Ресей чемпионатына дайындалуда. 16 мамыр күні Мәскеу облысына қарасты Руза қаласында су добынан ерлер арасындағы Ресей чемпионатының 15-ші тур ойындары өтеді.

Қазақстан командасы Мәскеу облысының намысын қорғайтын «Штурм-2002» командасымен кездеспек. Жиын 15 мамыр күні аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер