Күрес

Жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті

Жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда самбо және жауынгерлік самбодан Жеңіс мерекесіне орай халықаралық турнир өтті.

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен және Қырғыз Республикасы мен Өзбекстаннан 300-ден аса спортшы келді. Екі күнге созылған жарыста әскери самбодан Атыраулық балуандардың асығы алшысынан түсті. 52 келіде Асылжан Ғайсаев чемпион атанса, Еламан Сұлтанбай мен Сайдур Дадаев жүлделі орындарды өзара бөлісті. 62 келіде Қарағандылық Тайбек Омаров қарсылас шақ келтірген жоқ. Алматылық Нұргелді Қиялбеков 74 келіде жеңімпаз атанса, ең ауыр салмақта Элдар Бөленбаев топ жарды.
Жарысты ұйымдастырушылар келер жылы турнир деңгейін жоғарлатуды көздеп отыр. Яғни осы жарыста олжа салғандар спорт шебері атанады.
Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер