Басқа

«Tengri ultra - 2019» аяқталды

«Tengri ultra - 2019» аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысындағы Таңбалы тас шатқалында дәстүрлі «Tengri ultra - 2019» үлкен марафоны аяқталды.

Жарыс жолына шыққан 1 500 атлет 15, 35 жəне 70 шақырымдық қашықтық және скандинавиялық жүрістен сайысқа түсті. Сондай-ақ, кани-кросс немесе 3,5 шақырымға итпен жүгіру жарысы ұйымдастырылды.

«Ultra 70» сайысында ресейлік Марина Әбілдаева өзінің былтырғы жылғы көрсеткішін жақсартып, жаңа рекорд қойды. Алғаш рет әйел адам жалпы топтың арасынан мәре сызығын екінші болып қиып өтті. Ол тек көшбасшы Нурадин Юсуповтан (уақыты: 06 сағат. 40минут 50секунд ) ғана қалып қойған. Ал әйелдер арасында алғашқы үш орынның барлығын шетелдік спортшылар иеленді. Олар – ресейлік Марина Әбілдаева (уақыты: 06 сағат 52 минут 53 секунд), украиналық Оксана Рябова (уақыты: 07 сағат 02минут 15 секунд) және ұлыбританиялық Джо Мик (уақыты: 07 сағат, 17минут 52секунд).

«Sprint 15» сайысында Украинаның өкілі Анастасия Чёрная жаңа рекорд орнатты – 01 сағат 02минут 59 секунд. Бұл – осы жарыстағы ерлердің нәтижесімен пара-пар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер