Қайрат Боранбаев: Қазақстандық футболда дарынсыздар қаптап жүр

Қайрат Боранбаев: Қазақстандық футболда дарынсыздар қаптап жүр
news-banner7
mobile-news-top

Sports true YouTube арнасына берген сұқбатында Қайрат Боранбаев елімізде футбол жайлы заң қабылдау керектігін айтты.

- Қазақстан футболында проблема көп, бәрі біледі. Бұл салада жүргеніме бес жыл ғана болды. Әрине, алға жылжу бар ғой, бірақ, ол мүлде байқалмайды.

Футболды мемлекет қаржыландырады. Әкімшілік клубтарға қаржы бөледі. Ал, сол клубтарды бақылап жатқан ешкім жоқ. Үнемдеп, орнымен жаратса барлығына жеткізуге болады. Бақылауды күшейту үшін футбол жайлы заң қабылдау керек. Бәрі, футбол федерациясының қолында. Мысалы, мен паралимпиада комитетінің президентімін. Біз Қазақстанның олимпиада комитетімен бірігіп, бірнеше заңдарды қабылдадық, қолданысқа енгіздік. Оң нәтижесін беріп жатыр. Сол секілді федерацияда түйткілді мәселелерді шешуге түбегейлі кірісу керек.

Станимир Стойловтың ұлттық құрамадан кеткені жайлы басшылықтан сұрау керек. Себебін мен білмеймін. Мен ешқашан Стойловқа «Қайраттың» болашақ бапкері ретінде қараған емеспін.

Ел футболының басты жаулары - инфрақұрылымның нашарлығы, төрешілер деңгейінің төмендігі, легионерлердің көптігі. Бізде, бірден алты легионерді негізгі құрамда шығаруға рұқсат береді. Бұл өте көп. Жергілікті футболшының деңгейі өспейді, соның кесірінен. Шетелден футболшы алдырғанша, өз түлегіне сенім артып, соның бабын келістірсең, біраз қаржы үнемдер едің. Бірақ, клубтар ондай саясат ұстанбайды. Қазақстандық футболда дарынсыздар қаптап жүр. Соның салдарынан мемлекеттен ағылған қаржы құмға сіңгей судай жоғалып жатырғаны жасырын емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер