«Шпилевский «Қайратты» құртты»

«Шпилевский «Қайратты» құртты»
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкер Анатолий Чернов алматылық «Қайрат» клубының жетекшісі Алексей Шпилевскийді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- «Қайрат» секілді инфрақұрылымы мықты клуб мансабында ешқандай жетістікке жетпеген бапкерді қалай алғанын түсінбеймін. Анасының әңгімесі арқылы ма әлде Германияда кішкентай балаларды жаттықтырғаны үшін бе?! Ең бастысы - нәтиже, ал ол болса, жоқ! «Қайраттың» президентіне таңым бар: ақылды, сауатты, клуб үшін жанын салған адам. Жақсы бапкерді өзі таңдаса болады ғой... Осындай керемет жағдайы жасалған клубты таланты жоқ адамның қолына бере салғаны несі?! Алға қойған мақсаты жоқ сөзшеңдер кіл...

Кету керек оған! Команда неге гол соқпайтынын түсінетін кез келген шығар. Физикалық және психологиялық тұрғыдан клуб дайын емес. Тактика туралы мүлдем ауыз ашпай-ақ қояйын. Келіп алып, «Қайрат» секілді клубты құртты. Анасы болса, баспасөз қызметтеріне сұқбат беріп, ұлын мадақтап жүр. Цирк!, - деді Чернов өзінің Facebook-парақшасында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер