Бокс

«GGG «Канеломен» тағы бір айқас өткізбей бокстан кетпейді»

«GGG «Канеломен» тағы бір айқас өткізбей бокстан кетпейді»
news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасының өтетініне кәміл сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Орта салмақ - Сауль үшін өте жақсы салмақ деп ойлаймын. Головкинге келер болсақ, бұл айқас өтуі тиіс. Олардың алғашқы екі жекпе-жегі керемет деңгейде өтті. «Канелоның» онымен қайта шаршы алаңға шығуына ешқандай кедергі жоқ.

Екеуінің де трилогияны өткізуге деген ниеті бар. Головкин - тарихты ойлайтын боксшы. Ол «Канеломен» тағы бір айқас өткізбей бокстан кетпейді. Бұл Головкинді ұлы чемпион атағына жеткізді - ол тек үздіктермен жұдырықтасқысы келеді», - дейді Гомес.

Түпнұсқасы: Sky sports Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер